Explore Flipsnack. Transform boring PDFs into engaging digital flipbooks. Share, engage, and track performance in the same platform.
From magazines to catalogs or private internal documents, you can make any page-flip publication look stunning with Flipsnack.
Check out examples from our customers. Digital magazines, zines, ebooks, booklets, flyers & more.
Pre-made templates to create stunning publications in minutes
Here are eight reasons why you should consider choosing interactive, digital flipbooks instead of boring and static PDFs. Check them out!
Қ.К.Мұқанов «Дуалы ауыз – Доғал би» 2 Дуалы ауыз – Доғал би (1773 - 1853) Абай елінің əрбір қойнауы, тауы, тасы, шиі толған тарих. М.Əуезов «Жер шежіреші, жер шежіреші болған соң ел шежіреші» деп тегін айтпаған. Абай еліндегі Шаған, Ши өңірі - талай-талай еліне құт болған би, байлығы атырапқа жайылған сарықарын байлар, қажылар шыққан өңір. Бұл тұрғысынан ел арасында аңыз- əңгімелер көп-ақ. Солардың бірегейі ХVIII – XIX ғасырларда өмір сүрген, аға сұлтан Құнанбайдың ақылшы аға деп сыйлап өткен замандасы Доғал би. Доғал би турасында ел аузында аңыз əңгімелер біршама. Доғал би /шын аты Жылқайдар/ - «Құт қонған» дейтіндей əрі би, əрі мыңғырған мал біткен бай болған адам. Шаған, Ши өңіріндегі өз заманында аса беделді адам болған екен. Шаған өңіріндегі кез келген іс Доғал қалай айтса солай болып отырған. Доғал Мотыш байдың елуге келгенінде туыпты. Мотыш бай мал мен жанның иесі жаңа туды деп атын азан шақырып Жылқайдар қойған екен. Доғал атануы мінезінің бірбеткейлігіне, айтқанында тұратын бірсөзділігіне, нақты кесіп айтатын қасиетіне орай аталса керек. Доғалекең зор денелі, сары адам болған деседі. Елу- алпыс жасқа келгенге дейін, қара қоста жылқышыларымен бірге жылқы бағысып, шаруамен біте қайнасып жүрген. Құнанбай Доғалекеңді ақылшы аға деп сыйлап, қатты құрметтеген. Олай дейтініміз Абай əкесі Құнанбайдан “Əке, осы Тобықтының жақсысы кім”, деп сұрағанда, Құнекең “Тобықтының жақсысы – Мотыш, өйткені Мотыш балалары – адал, өтірік айтпайды, қақ-соқпен жұмысы жоқ, қолды келеді”, деп баға беруі Доғалекеңе деген үлкен құрметінен туындаған пікір болса керек. Құнекең басқа ағайындарын жерден ығыстырып, қысымшылық жасағанда Мотыш балаларының жеріне тісі батпауы - Доғалдың айтқан сөзінің, тілінің дөп тиетінінен именгенінен жəне Доғалға деген сыйласымынан болуы керек. Кезінде белгілі Көкбай ақын: Кім жеткен Доғал ата бағасына, Ну орнап, нұр құйылған сағасына. Бойына Құндыз Шеттің талас болып, Билік айтқан төрт арыс баласына, - деп Доғалекеңе зор баға береді. Доғал би жайлы халық арасында айтылатын аңыз сөздері негізінен оның төрт қасиетіне байланысты: Біріншісі: Доғалдың алыстан болжағыш көрегендігі, айтқан сөзінің дөп келетін дуалылығы, Екіншісі: мыңғырған мал біткен байлығына орай кесек мырзалығының болуы, Үшіншісі: билікке түсуі, Төртіншісі: бір қойдың етін бітіріп тауысып кететін тəбетінің болуы. Осы төрт қасиетіне орай халқы оны жоғары бағалап, құрмет тұтқан. Ел ішіндегі байлар Доғалдың батасын алуға тырысқан. Доғалекең өзінің өлетін кезін алдын-ала сезіп, Құнанбайдың хабаршысына “тез жетсін” деп сəлем айтыпты. Алайда сөзі жөн, тəбеті жақсы екенін көріп, сеніңкірей қоймаған хабаршы жігіт уақытында сəлемді жеткізбейді. Доғал қайтыс болғаннан кейін оның жылдық асына аға сұлтан Құнанбайдың өзі бас болып, орта жүзге сауын айтып, ас береді. Доғалға деген үлкен құрметін, парызын Құнекең осылай өтеген болар...
The cookies we use on Flipsnack's website help us provide a better experience for you, track how our website is used, and show you relevant advertising. If you want to learn more about the cookies we're using, make sure to check our Cookie policy
We use essential cookies to make our site work for you. These allow you to navigate and operate on our website.
We use performance cookies to understand how you interact with our site.They help us understand what content is most valued and how visitors move around the site, helping us improve the service we offer you.
Please note that declining these cookies will disable the ability to communicate with Flipsnack support.
We use marketing cookies to deliver ads we think you'll like.They allow us to measure the effectiveness of the ads that are relevant for you.