Explore Flipsnack. Transform boring PDFs into engaging digital flipbooks. Share, engage, and track performance in the same platform.
From magazines to catalogs or private internal documents, you can make any page-flip publication look stunning with Flipsnack.
Check out examples from our customers. Digital magazines, zines, ebooks, booklets, flyers & more.
Pre-made templates to create stunning publications in minutes
Here are eight reasons why you should consider choosing interactive, digital flipbooks instead of boring and static PDFs. Check them out!
ао Дуалы ауыз – Доғал би » 2 Дуалы ауыз – Доғал би (1773 - 1853) Абай елінің әрбір қойнауы, тауы, тасы, шиі толған тарих. М.Әуезов «Жер шежіреші, жер шежіреші болған соң ел шежіреші» деп тегін айтпаған. Абай еліндегі Шаған, Ши ӛңірі - талай - талай еліне құт болған би, байлығы атырапқа жайылған сарықарын байлар, қажылар шыққан ӛңір. Бұл тұрғысынан ел арасында аңыз - әңгімелер кӛп - ақ. Солардың бірегейі ХVIII – XIX ғасырларда ӛмір сүрген, аға сұлтан Құнанбайдың ақылшы аға деп сыйлап ӛткен замандасы Доғал би. Доғал би турасында ел аузында аңыз әңгімелер біршама. Доғал би /шын аты Жылқайдар/ - «Құт қонған» дейтіндей әрі би, әрі мыңғырған мал біткен бай болған адам. Шаған, Ши ӛңіріндегі ӛз заманында аса беделді адам болған екен. Шаған ӛңіріндегі кез келген іс Доғал қалай айтса солай болып отырған. Доғал Мотыш байдың елуге келгенінде туыпты. Мотыш бай мал мен жанның иесі жаңа туды деп атын азан шақырып Жылқайдар қойған екен. Доғал атануы мінезінің бірбеткейлігіне, айтқанында тұратын бірсӛзділігіне, нақты кесіп айтатын қасиетіне орай аталса керек. Доғалекең зор денелі, сары адам болған деседі. Елу - алпыс жасқа келгенге дейін, қара қоста жылқышыларымен бірге жылқы бағысып, шаруамен біте қайнасып жүрген. Құнанбай Доғалекеңді ақылшы аға деп сыйлап, қатты құрметтеген. Олай дейтініміз Абай әкесі Құнанбайдан “Әке, осы Тобықтының жақсысы кім”, деп сұрағанда, Құнекең “Тобықтының жақсысы – Мотыш, ӛйткені Мотыш балалары – адал, ӛтірік айтпайды, қақ - соқпен жұмысы жоқ, қолды келеді”, деп баға беруі Доғалекеңе деген үлкен құрметінен туындаған пікір болса керек. Құнекең басқа ағайындарын жерден ығыстырып, қысымшылық жасағанда Мотыш балаларының жеріне тісі батпауы - Доғалдың айтқан сӛзінің, тілінің дӛп тиетінінен именгенінен және Доғалға деген сыйласымынан болуы керек. Кезінде белгілі Кӛкбай ақын: Кім жеткен Доғал ата бағасына, Ну орнап, нұр құйылған сағасына. Бойына Құндыз Шеттіњ талас болып, Билік айтқан тӛрт арыс баласына, - деп Доғалекење зор баға береді. Доғал би жайлы халық арасында айтылатын аңыз сӛздері негізінен оның тӛрт қасиетіне байланысты: Біріншісі: Доғалдың алыстан болжағыш кӛрегендігі, айтқан сӛзінің дӛп келетін дуалылығы, Екіншісі: мыңғырған мал біткен байлығына орай кесек мырзалығының болуы, Үшіншісі: билікке түсуі, Тӛртіншісі: бір қойдың етін бітіріп тауысып кететін тәбетінің болуы. Осы тӛрт қасиетіне орай халқы оны жоғары бағалап, құрмет тұтқан. Ел ішіндегі байлар Доғалдың батасын алуға тырысқан. Доғалекең ӛзінің ӛлетін кезін алдын - ала сезіп, Құнанбайдың хабаршысына “тез жетсін” деп сәлем айтыпты. Алайда сӛзі жӛн, тәбеті жақсы екенін кӛріп, сеніңкірей қоймаған хабаршы жігіт уақытында сәлемді жеткізбейді. Доғал қайтыс болғаннан кейін оның жылдық асына аға сұлтан Құнанбайдың ӛзі бас болып, орта жүзге сауын айтып, ас береді. Доғалға деген үлкен құрметін, парызын Құнекең осылай ӛтеген болар...
The cookies we use on Flipsnack's website help us provide a better experience for you, track how our website is used, and show you relevant advertising. If you want to learn more about the cookies we're using, make sure to check our Cookie policy
We use essential cookies to make our site work for you. These allow you to navigate and operate on our website.
We use performance cookies to understand how you interact with our site.They help us understand what content is most valued and how visitors move around the site, helping us improve the service we offer you.
We use marketing cookies to deliver ads we think you'll like.They allow us to measure the effectiveness of the ads that are relevant for you.